Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, егер осы Кодекстің 91, 194, 195, 196, 223, 257 және 387-баптарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, көрсетілген баптарда көзделген, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларда қамтамасыз етіледі.
1) уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру;
2) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру;
3) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойынша тауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру;
5) осы Кодекстің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықтау жағдайларында да қамтамасыз етiледi.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын төлеуші үшін экспедитор және (немесе) егер өзге тұлға өздеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қамтамасыз етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы болса, осы өзге тұлға қамтамасыз етуі мүмкін.
Кеден өкілі, егер осы Кодекстің 494-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын болса, сондай-ақ осы Кодекстің 195-бабының 3-тармағында және 196-бабының 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде, осы тарауға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге құқылы. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын кеден өкілі қамтамасыз еткен болса, осы Кодекске сәйкес көзделген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі осындай міндетті осы Кодекстің 494-бабы 5-тармағының ережелеріне қарамастан, кеден өкілі өзі атынан өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.