01.01.2023 жылдан бастап қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары ұлғайтылды:
- биржалық металдар бойынша 50 пайызға (алтын, күміс, мыс, мырыш, алюминий, уран);
- басқа биржадан тыс металдар бойынша 30 пайызға.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 746-бабының 3-тармағында көзделген шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап алпыс ай ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану көзделген.
Сондай-ақ, егер тау-кен секторының кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейі 5 пайызды және одан аз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес болған кезде, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша ставкаларды қолдану құқығы берілді.