Меню

Страницы

Статья

Порядок принятия решения о классификации товара в несобранном или разобранном виде, в том числе в некомплектном или незавершенном виде

Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібі

      Декларациялану ерекшеліктері, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді– уәкілетті орган немесе уәкілетті орган айқындаған жағдайларда аумақтық кеден органы тұлғаның  электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініші негізінде қабылдайды. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау жөнінде шешім қабылдау туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім бір мезгілде мына шарттар сақталған:

      шарт (келісімшарт) өтініш иесінің атынан жасалған;

      өтініш иесі тауарларды алушы болып табылған кезде қабылданады.

      Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініште:

      шарт (келісімшарт);

      өтініш иесі;

      тауар (атауы, тауар құрауыштарының тізбесі);

      тауардың берілу мерзімі;

      тауар орналастырылатын кедендік рәсім;

      тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы қағаз жеткізгіште берілген өтінішке – қағаз жеткізгіштегі құжаттар, ал электрондық құжат түрінде берілгеніне мынадай құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері:

      шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі;

      өздерінің негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу қағидаты мен функциялар көрсетіле отырып, тауардың және оның құрауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрауыштары өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинау сызбалары, схемалар, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, оны өндірушілердің каталогтары, бейнематериалы, егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі) қоса беріледі.

        Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иесін қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Қосымша ақпарат өтініш иесі жазбаша хабардар етілген не электрондық нысанда хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.

      Егер қосымша ақпарат осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса не өтініш иесі тауарды сыныптау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынудан бас тартса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы бас тарту негіздерін көрсете отырып, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартады.

      Мынадай негіздер бойынша:

      егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауардың құрауыштары сыныптау қағидаларына сәйкес жасалып біткен немесе жасақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды түзбесе;

      өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген қарама-қайшы ақпарат болған кезде, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартылады.

Дата публикации
14 марта 2023
Дата обновления
14 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасында сыра мен сыра негізіндегі сусындарды таңбалау және бақылау
Ақпарат
15 октября 2026
2026 жылдың 9 айына ҚР ҚМ МКД құзыретіне жататын Мемлекеттік бюджет кірістері түсімдерінің жоспардың орындалуы.
15 октября 2026
Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы