Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
Ұйымдастыру - әкімшілік бөлімінің бас маманы (№ҰӘБ-10-6, C-R-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:
«Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі», «Басқару және құқық», «Құқық», «Журналистика және ақпарат», «Әлеуметтік ғылымдар».
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 05 наурызынан 2026 жылғы 29 наурызына дейін.