Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
Есепке алу және талдау басқармасының бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі.
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 07 ақпаннан 2026 жылғы 24 ақпанға дейін.