Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес құрастырылған Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 926 бұйрығымен бекітілген және мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдарды белгілейді.