Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру, (№ЗТӘБ-3-5, C-R-4 санаты, 1 бірлік)

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы  (№ЗТӘБ-3-5, C-R-4 санаты, 1 бірлік)  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:

Мемлекеттік кірістер, салықтар, экономика, менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.

Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 30 қазанынан 2025 жылғы 05 қарашасына дейін.

Дата публикации
30 октября 2025