Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің басшысы "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру, (№ЗБ-8-1, C-R-3 санаты, 1 бірлік)

Заң бөлімінің басшысы (№ЗБ-8-1, C-R-3 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:

Мемлекеттік кірістер, салықтар, экономика, құқық.

Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.

Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 08 қазанынан 2025 жылғы 29 қазанына дейін.

 

 

 

Дата публикации
08 октября 2025