Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру- әкімшілік бөлімі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.

 өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне 2028 жылғы 19 наурызға дейін негізгі қызметкердің көрсетілген мерзімнен ерте шығу құқығымен (ӨЕТБ-7-9, C-R-4 санаты, 1 бірлік)  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:

     Мемлекеттік кірістердің қызметі

Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.

Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 01 қазаннан 2025 жылғы 07 қазанға дейін.



Дата публикации
30 сентября 2025