Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы камералдық кедендік тексерулер бөлімінің жетекші маманы (ОКТП-1-7/ККТБ-1-7);

 Кедендік әкімшілендіру басқармасы тарифтік емес реттеу және зияткерлік меншік бөлімінің жетекші маманы (ОНРИС-4/ТЕРЗМБ-4)  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:

Мемлекеттік кірістер. Салық. Экономика. Кеден ісі.

Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.

Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 19 қыркүйектен 2025 жылғы 08 қазанға дейін.




 

Дата публикации
25 сентября 2025