Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылғы 9 айдағы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
2023 жылғы 01 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі (2023 жылғы 9 ай) кезеңде Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 897 997 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 893 930 қызметтің ең көп бөлігі немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша көрсетілді, 3927 қызмет немесе 0,4% өтініштер бойынша көрсетілді қағаз жеткізгіште; 140 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілген.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 368 қызметке немесе 0,04% - ға өсті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 0,1% - ға төмендеді: 2022 жылғы 9 айда бұл көрсеткіш – 99,6% -. құрады (897 629 қызметтің 893 990-ы). Төмендеудің негізгі себебі: "бюджетпен, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру" және "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну"бұрын талап етілген көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау.
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1621 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 54 350 адам қамтылды.