Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылғы 1 жартыжылдық мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
2023 жылғы 01 қаңтардан 30 маусымға дейінгі кезеңде (2023 жылғы 1 жартыжылдық) Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдары 626 790 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде ең көп бөлігі 623 829 қызмет немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 2846 қызмет немесе 0,4% өтініштер бойынша көрсетілді 115 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 4262 немесе 0,7% - ға өсті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 0,1% - ға төмендеді: 2022 жылғы 6 айда бұл көрсеткіш – 99,6% -. құрады (622 528 қызметтің 619 840-ы).
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1104 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 34 600 адам қамтылды.