Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
2023 жылғы 01 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 444 908 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 443 365 қызмет немесе 99,7% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 1460 қызмет немесе 0,3% қағаз жеткізгіштегі өтініштер бойынша көрсетілді; 83 қызмет баламалы негізде "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 79 713 немесе 21,8% - ға өсті. Сондай – ақ, электрондық қызметтердің үлес салмағының жалпы саны 0,1% - ға өсуі байқалды: 2022 жылдың 3 айында бұл көрсеткіш-99,6% (365 195 қызметтің 363 633-і), 2023 жылдың 3 айында 99,7% -. құрады.
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 145 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 7367 адам қамтылды.