2022 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 1 219 974 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 1 215 041 қызмет немесе 99,6% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша көрсетілген, 4 747 қызмет немесе 0,4% қағаз жеткізгіштегі өтініштер бойынша көрсетілген; 186 қызмет баламалы негізде көрсетілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 81 422 немесе 7,2% - ға төмендеді.
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 891 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 39 730 адам қамтылды.