Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2022 жылғы 9 айдағы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
2022 жылғы 01 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 978 722 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 974 823 қызмет немесе 99,6% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 3748 қызмет немесе 0,4% қағаз жеткізгіштегі өтініштер бойынша көрсетілді; 151 қызмет баламалы негізде "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 45 591 немесе 4,9% - ға өсті. Сондай – ақ, электрондық қызметтердің жалпы санындағы үлес салмағының 0,1% - ға өсуі байқалды: 2021 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш-99,5% (933 131 қызметтің 928 274-і), 2022 жылдың 9 айында 99,6% -. құрады.
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 569 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 24671 адам қамтылды.