Камералдық бақылау нәтижелеріне шағым жасаудағы жаңа өзгерістер
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушіге салық органдарының шешіміне уақтылы шағым жасау мүмкіндігін беру мақсатында шешімге шағым беру мерзімі 2020 жылғы 5 жұмыс күнінен бастап жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа табыс етілген (алынған) күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін ұзартылды.
Салық кодексінің 96-бабы 01.01.2020 жылға дейінгі редакцияда хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, Мемлекеттік кіріс органдарына жазбаша шешім шығаруға және оны салық төлеушіге жіберуге құқық беретін норманы ғана қамтыды, бұл ретте шешім қабылдау мерзімдері, оның нысаны, шағымдану тәртібі мен салдары туралы мәселе реттелмеген, бұл камералдық бақылау нәтижелеріне және олардың салдарларына дау айту мәселелерінде белгісіздікті тудырды.
Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 96-бабының 4-тармағына толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, бұдан былай Министрдің бұйрығымен бекітілген хабарламаларды орындамау туралы шешім 5 жұмыс күні ішінде шығарылады, ал бұрын шығару мерзімі көзделмеген.
Мұндай шешімнің нысаны мен шығару мерзімдері "камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы хабарламаның нысанын және оны шығару мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) және 2020 жылғы 10 наурызда №20103 енгізілген өзгерістерімен бекітілген.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес Мемлекеттік кіріс органдары Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шешім шығарады.
Бұл салық төлеушіге хабарлама мерзімі аяқталғанға дейін бұзушылықты толығымен жою құқығын береді.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 96-бабы 4-1-тармағына сәйкес салық төлеушінің(салық агентінің) мұндай шешімге оны табыс еткен (алған) күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағымның көшірмесін шешімді жіберген салық органына жібере отырып шағым жасауға құқығы бар.
Оларды дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, 4-2-тармақта өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру тәртібі мен шарттары көзделген.
Сондай-ақ, хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағым берудің құқықтық салдары көзделген.
Атап айтқанда, Салық кодексінің 96-бабы 4-3-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол шешімге шағым берген кезде жүзеге асырылмайды:
- жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін берген жағдайда;
- сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда.
Бұл ретте, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 118-бабының 5-тармағына толықтырулар енгізілді, онда салық төлеушінің салық органдарының шешіміне шағымы түскен жағдайда шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жойылады және көрсетілген шағым жоғары тұрған салық органының және(немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылған және(немесе) сот актісі заңды күшіне енген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей қанағаттандырылмаған.
Қарағанды облысының салық органдары 2020 жылы салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің қосымша нысандары мен түсініктемелердің негізінде барлығы 1218 хабарлама бойынша шешім шығарды. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша 2 370 млн.теңге сомасына қосымша салық есептелді, бюджетке 1 815 млн. теңге өндірілді.
Всё это позволяет нам создать более комфортные условия для налогоплательщиков, снизить коррупционные риски и обеспечить поступления в госбюджет.
Мұның бәрі бізге салық төлеушілер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттік бюджетке түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.