Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру-әкімшілік бөлімі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, СТЖБ-2-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:
Мемлекеттік кірістер. Салық. Экономика. Менеджмент. Маркетинг. Мемлекеттік аудит. Құқық. Қаржы. Есеп және аудит. Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 07 қазанынан 2026 жылғы 08 қазанына дейін.