Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
дара кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (ОАИП-4-4/ ДКӘБ-4-4) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:
Мемлекеттік кірістер және бақылау
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 24 қыркүйектен 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін.