GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
Мемлекеттік қызметшілердің этикасы
Ахуалдық орталық
21 октября 2026
«Ахуалдық орталық» басқармасы қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

_____2026 жылғы 21 қазанда «Ахуалдық орталық» басқармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.О. Тлекеевтің қатысуымен, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

_____Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін маңызды қатерлердің бірі. Өйткені, жауапты лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі не делдалдар арқылы өздері немесе үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты осы адамдарға игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен пара беру тиісті жауапкершілікке әкеп соғады.

_____Барлық мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық белгілері бар заңсыз кінәлі әрекетті (әрекетті немесе әрекетсіздікті) түсінуі тиіс, заңда белгіленген әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

_____Қазіргі уақытта біздің жаңалықтар арналары әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін барлық дәрежелі шенеуніктерді ұстау туралы хабарламаларға толы.

_____Осыған байланысты еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау және, әрине, ҚР заңдарын бұзбау қажет. Бізге елдің экономикалық қауіпсіздігі жөніндегі міндет жүктелгенін ұмытпау керек.

_____Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі оның жүйелі сипатта болуы тиіс екендігін түсінуге міндетті. Барлық аймақтарда барлық азаматтық қоғамның күш-жігері қажет. Нәтиже сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, біріншіден, тұрақты болған кезде болады, екіншіден, егер қоғам тарапынан қырағы бақылау болса.

_____Қоғамның барлық салаларында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері қазақстандық жастардың қалыптасу процесіне, оның адамгершілік негіздеріне және Қазақстандағы жасампаз процестерге деген сеніміне жойқын әсер етеді.

Кедендік әкімшілендіру
20 октября 2026
«Тауарларды декларациялау кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану тәртібі және тауарларды шығарудың белгіленген мерзімдерін сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

_____2026 жылғы 20 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

_____Отырыс барысында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдың, сондай-ақ заңнамада белгіленген тауарларды шығару мерзімдерін сақтаудың өзекті мәселелері қаралды. Негізгі назар тауарларды декларациялау кезіндегі кедендік бақылау кезеңдеріне, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді және мәлімделген мәліметтерді растау үшін ұсынылған құжаттарды тексеру тәртібіне аударылды. Сондай-ақ кедендік бақылау шараларын қолданудың негізділігі мәселелері, соның ішінде тәуекелдерді анықтау және қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу қажеттілігі қаралды.

_____Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру, кедендік бақылаудың сапасын арттыру және кеден заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі белгіленді.

Кедендік әкімшілендіру
15 октября 2026
«Қазақстан Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

_____2026 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

_____Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу» тақырыбы қаралды.

_____Тауарларды импорттау салықты дұрыс есептеуді, төлеуді және салықтық есепте көрсетуді талап етеді.

_____Талқылау барысында импорт кезінде салық салу базасын айқындау тәртібі, ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану, сондай-ақ салықтың есептелуі мен төленуін құжаттамалық растау талаптары қаралды. Импорттық ҚҚС сомаларын есепке жатқызу шарттарына және операцияларды салықтық есептілікте дұрыс көрсетуге ерекше назар аударылды.

_____Қатысушыларға ҚҚС-ты есепке жатқызу үшін салық және кеден заңнамасының талаптарын сақтау, декларациялардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеру және растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді.

_____Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарлардың жекелеген санаттары үшін ҚҚС-ты есепке жатқызу әдісімен төлеудің арнайы тәртібін қолдану ерекшеліктері қаралды.

_____Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заңнама нормаларын біркелкі қолдану, кедендік декларациялау сапасын арттыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Кедендік әкімшілендіру
13 октября 2026
«Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидалары» тақырыбындағы брифинг

_____2026 жылғы 13 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.

_____Брифинг аясында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары қолданатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың негізгі қағидалары, тәртібі мен ерекшеліктері түсіндірілді.

_____Іс-шара барысында жасырын салынған заттарды анықтау, кедендік құжаттарда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмейтін тауарлар мен заттарды анықтау, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, кедендік бақылаудың тиімділігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдану нәтижелерін тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

_____Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, кедендік қарап тексеру және кедендік тексеріп қарау кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

Кедендік әкімшілендіру
08 октября 2026
«Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтатуға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты кедендік операцияларды жасау мәселелері» тақырыбындағы брифинг

_____2026 жылғы 8 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрі - СЭҚ қатысушысы) қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.

_____Брифинг барысында СЭҚ қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұруға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты 124-бабының ережелері жеткізілді.

_____Іс-шара барысында зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтату және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты, сондай-ақ кедендік операцияларды жасау кезінде Кодекс ережелерін қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.

_____Брифинг қорытындысы бойынша СЭҚ қатысушыларының қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, Кодекс ережелерін қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы
25 сентября 2026
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, мемлекеттік қызметтен шыққаннан кейін қайта қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан ауысқан мемлекеттік қызметшілермен жүргізілген түсіндіру жұмысы

_____2026 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) басшы орынбасары, Әдеп жөнінде уәілі Д.О. Тлекеев мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген қызметшілерімен түсіндіру жұмысы жүргізілді.  

_____Техникалық оқу барысында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, лауазымдық міндеттерді адал орындау, қызметтік тәртіпті, белгіленген шектеулер мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі негізгі талаптары БДБ қызметшілеріне таныстырылды.

_____Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің заңдылықты, адалдықты, әділдікті, ашықтықты және бейтараптықты сақтау, азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу жөніндегі негізгі ережелері қаралды.

_____Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддеде пайдалануға, құқыққа сыйымсыз игіліктерді алуға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда басшылыққа уақтылы хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы
17 сентября 2026
«ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары

_____2026 жылғы 17 қыркүйекте айында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (бұдан әрі – БДБ) қызметкерлеріне БДБ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.О. Тлекеев БДБ Заң бөлімінің басшысы М.С. Асанбаевамен бірлесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

_____Техникалық оқу барысында БДБ қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

_____Бірінші мәселе бойынша М.С. Асанбаева Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, оның ішінде Интернет желісі, букмекерлік платформалар және мобильді қосымшалар арқылы қатысуға жол берілмейтіндігі туралы талаптар түсіндірді. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектеу міндеті ескертілді.

_____Екінші мәселе бойынша Д.О. Тлекеев іскерлік әдеп пен қызметтік мінез-құлықтың негізгі қағидалары қаралды: қарым-қатынас барысында әдептілік пен құрмет сақтау, қызметтік бағыныстылықты, адалдықты сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін нығайту қажеттілігі атап өтті.

_____Сонымен қатар ғимаратты күзету және кіруді бақылау талаптары қаралды. Қызметкерлерге ғимаратқа кіру және шығудың белгіленген тәртібін сақтау, рұқсаттамаларды үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жауапты тұлғаларға уақтылы хабарлау қажеттілігі ескертілді.

_____Оқу қорытындысы бойынша қызметкерлерге заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және белгіленген қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау ұсынылды.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы
16 сентября 2026
Заң бөлімі қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы

_____Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қызметтік және іскерлік әдеп мәселелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды элементі ретінде қарастырылады.

_____Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту жөніндегі қызметті білдіреді.

_____Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ұғымын енгізеді. Бұл — қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі. Бұл стандарттарды мемлекеттік органдар жұртшылықтың қатысуымен әзірлейді. Олар заңнаманы әзірлеу кезінде де, құқық қолдану практикасында да ескеріледі.

_____Өкілеттіктерді жеке немесе өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға жол бермеу үшін қызметшілер мен лауазымды адамдар шектеулерді сақтау бойынша жазбаша міндеттемелер қабылдайды.

_____Әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

_____Әрбір мемлекеттік қызметші заңдылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтау үшін жеке жауапкершілігін түсінуі тиіс.

Кедендік әкімшілендіру
15 сентября 2026
«Тауарлардың кедендік құнын өзгерту кезінде ҚР ӘӘПК нормаларын қолдану және тыңдау тәртібі» тақырыбындағы брифинг

_____2026 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де (бұдан әрі – БДБ) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен бейнеконференцбайланыс арқылы брифинг өткізілді.

_____Брифинг барысында БДБ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасы шығарылғаннан кейінгі құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүргізу бөлімінің жетекші маманы  М.Е. Көбеген өткізген іс-шарада Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ҚР ӘРПК) және ЕАЭО Кеден кодексінің тауарларға арналған декларацияларға өзгерістер енгізу туралы алдын ала шешімдер қабылдау кезінде нормаларын практикада қолдану мәселелері қаралды.

_____Декларанттың ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдалу құқығын іске асыру тәртібіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға кедендік құнды айқындаудың негізгі (1-әдісін) қолдану мүмкін болмаған жағдайда, резервтік (6-әдіске) әдіске дәйекті түрде көшу жүзеге асырылатыны түсіндірілді. Бұл ретте кеден органы «Кеден» ақпараттық жүйесі арқылы алдын ала шешімді жібереді. Декларантқа аталған алдын ала шешімге қарсылық білдіру құқығы беріліп, ол оны алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей өз қарсылығын ұсынуға тиіс.

_____Сонымен қатар, нақты мысалдарда, (атап айтқанда, №55302/010626/1004843 тауарларға арналған декларация бойынша), 6-әдіс негізінде мемлекеттік органдардың дерекқорындағы баға ақпаратын пайдалана отырып кедендік құнды айқындау алгоритмі, сондай-ақ кедендік баждар мен салықтарды қосымша есептеу тәртібі көрсетілді.

_____Қатысушылар талқыланған тақырыптың сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан маңыздылығын атап өтіп, осындай түсіндіру іс-шараларын одан әрі өткізуде қызығушылық білдірді.

Кедендік әкімшілендіру
11 сентября 2026
«Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ сәйкес Жеке тұлғалар тауарларды шекара арқылы өткізген кезде кедендік құнды айқындау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

_____Ромашов Е.Е. отырысты ашып, қатысушыларды қарсы алып, күн тәртібін жариялады. Өз сөзінде жеке тұлғалар тауарларды кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың құны кедендік рәсімдеу және заңнамада көзделген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсатында айқындалады.

_____Азаматтар тауар және оның нақты құны туралы мәліметтерді дұрыс көрсетуге, сондай-ақ чектерді, шоттарды, сатып алу-сату шарттарын, электрондық құжаттарды, банк үзінділерін және өзге де растайтын құжаттарды сақтауға тиіс.

_____Мәлімделген құнның дұрыстығына негізделген күмән туындаған жағдайда кеден органы қосымша тексеру жүргізуге құқылы. Бұл ретте тауардың сипаттамалары мен саны, шығарылған елі, сатып алу шарттары, ұсынылған құжаттар және басқа да мән-жайлар ескеріледі. Мәлімделген құнның қолда бар бағалық ақпараттан айырмашылығы өздігінен оның дұрыс еместігін білдірмейді.

_____Интернет-дүкендерден және шетелдік электрондық сауда алаңдарынан тауар сатып алған кезде тапсырысты растауды, тауар бағасы туралы мәліметтерді, төлем және жеткізу құжаттарын сақтау ұсынылады.

_____Құнды дұрыс көрсету және растайтын құжаттардың болуы кедендік рәсімдерден кедергісіз өтуге және кедендік құнды объективті түрде айқындауға мүмкіндік береді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы