2024 жылғы 25 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы" РММ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының Кедендік декларациларды талдау бөлімімен «Кедендік құн түсінігі және оларды анақтау әдістері» тақырыбында онлайн режимінде WhatsApp қосымшасы арқылы видеобайланыс түрінде дөңгелек үстел өткізілді, оған «ALINUR» ЖК-нің өкілі Калдыбаев Адилет Абдыжапарулы және «Аманбаев Т.Ш» ЖК-нің өкілі Аманатаев Талгат Шералыевич қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты тәуекелдермен басқару жүйесін қолданумен кедендік бақылауды жүргізуге байланысты өзекті мәселелер бойынша кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру болып табылады.