
2024 жылғы 31 наурыздан бастап «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізілді (әрі қарай - Бұйрық).
Өзгерістердің негізгі бөлігі 2022 жылғы 1 қыркүйекте Бас диспетчерлік басқарма (әрі қарай - БДБ) мемлекеттік кірістер жүйесінде жаңа органның құрылуымен байланысты.
БДБ электрондық нысанда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі бойынша тауарларды кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын аумақтық орган болып табылады.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитетінің БДБ және басқа да аумақтық органдарын кедендік тазарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі өзгерістермен бекітілді.
Көрсетілген қызметті берушінің «Кедендік ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіндегі іс-әрекеттері айқындалған, ол аумақтық уәкілетті органдардың және БДБ лауазымды тұлғаларына бөлінеді.
Оның ішінде аумақтық органның (кеден бекеті, мемлекеттік кіріс департаменттері) уәкілетті лауазымды тұлғаларына келесі өкілеттіктер жүктеледі:
Бұйрыққа сәйкес тауарларды шығару, шығарудан бас тарту, тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу жөніндегі іс-қимылдарды көрсететін қызметті беруші жүзеге асырады. Сондықтан бірлескен бақылаумен бұл операцияларды кедендік бақылаудың аяқталу тәртібіне қарай уәкілетті лауазымды тұлға мен БДБ бірдей дәрежеде жүзеге асырады.
Бұйрықтың 6-тармағында көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының талаптарын сақтамау туралы ұйғарымдар болған кезде кедендік бақылаудың қажетті нысандарын дербес тағайындау функциясын нормативті түрде белгілеу маңызды.
Мұндай өзгерту Кодекстің 393-бабының 5-тармағын елеулі түрде толықтырады, оған сәйкес кеден органдарының шығарғанға дейін кедендік ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды қамтамасыз ететін шараларды қолдану тек автоматтандырылған бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Бұл материалда бұйрыққа енгізілген өзгерістердің қысқаша салыстырмалы БДБ-на қатысты талдауы қарастырылған, ол заңдық түсіндіру қызметі және құқықтық нормаларды түсіндірумен байланысты емес.