Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен тәртібі мәселелеріне үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктердің, адамгершілік қасиеттер мен этикалық мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiптiк қызметiнiң принциптерi мемлекеттiң мемлекеттiк қызмет жүйесiн ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеуiнiң негiзгi принциптерiмен, атап айтқанда: адалдық – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапкершілікпен қызмет ету;
1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Мемлекеттік қызметшілер туралы қоғамдық пікір олардың жұмыс орнындағы, жұмыстан тыс уақыттағы, атап айтқанда, қоғамдық орындардағы тәртібіне сәйкес қалыптасады. Осыған орай, жаңа Қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға көмектесіп, формальдылығымен, ұстамдылығымен және ұқыптылығымен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі керек. Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш рет келген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Жас мамандарды мемлекеттік қызметтегі алғашқы күннен бастап азаматтармен және жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылықты, дұрыстықты, қарапайымдылықты, сөйлеу мәдениетін сақтау қажеттігі туралы түсінік қалыптасады.
Мәдениет институты ретінде мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі, кәсібилігі, адамгершілік ұстанымдары осы деңгейді қамтуға және оның азаматтардың шынайы өміріне тиімді әсер ету үшін жағдай жасауға тиіс мемлекеттік қызмет жүйесінің даму деңгейі.