_____Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін және азаматтардың мемлекетке деген сеніміне кері әсер ететін маңызды мәселе. Коррупция әділдік пен теңдік қағидаларын бұзып, қоғамның тұрақты дамуына зиян келтіреді.
_____Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заңды сақтау, адал еңбек ету, өз құқықтары мен міндеттерін білу және пара беруден немесе алудан бас тарту - жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды қадамдары.
_____Қоғамда адалдық, ашықтық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы біз әділ әрі қауіпсіз болашаққа үлес қоса аламыз. Әр адамның заң талаптарын сақтауы — таза қоғам құрудың негізі.
_____Адал болу — өзіңнен басталады!
_____Жемқорлыққа жол жоқ!