_____Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше мән беріледі. Соның ішінде амандасу әдебі – мемлекеттік қызметшінің мәдениеті мен азаматтарға деген құрметінің маңызды көрінісі.
_____Амандасу – қызметтік қарым-қатынастың алғашқы әрі маңызды белгісі. Мемлекеттік қызметші әріптестерімен, басшыларымен және азаматтармен сыпайы әрі құрметпен амандасып, қызметтік әдеп талаптарын сақтауы тиіс. Үлкенге құрмет көрсету, әріптеске ізет білдіру және азаматқа жылы қарым-қатынас таныту – мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлігі.
_____Бейнероликте мемлекеттік қызметшілердің амандасу мәдениеті, қызметтік қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылған.
_____Амандасу әдебін сақтау – мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін, мәдениетін және қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды құндылық.
_____#адалазамат #адгсастана #адгс
_____Instagram: @elgeqyzmet.astana