Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық бақылау шаралары

_____Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:

_____1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;

_____2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

_____Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны:

_____Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімі болуға, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) – кандидат ретінде тіркелгенге дейін;

_____Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) – лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.

_____Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:

_____1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

_____2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

_____3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

_____4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

_____Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.

_____Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.

_____Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

_____Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.

_____Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда мәліметтерді ұсынбауы немесе онда анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жоюға негіз болып табылады.

_____Мыналардың:

_____осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – адамға тиісті өкілеттіктер беруден бас тартуға негіз болып табылады.

_____осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа алып келеді.

_____Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер мен қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

_____Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

_____Қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

_____Осы баптың ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды.

Дата публикации
14 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы