Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Заң еліміздің аумағында жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Бұл мақсатқа қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, сондай-ақ қарсы іс-қимыл субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту сияқты бірқатар міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, заңмен белгіленген талаптар. Олардың мақсаты – лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық немесе қызметтік емес өзге де мүдделер үшін пайдалануына жол бермеу.
- Бұл шектеулерді өзіне қабылдайды:
- жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар;
- оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектор басшылары және сатып алуға жауапты тұлғалар);
- лауазымды адамдар.
Аталған шектеулерді сақтау жөніндегі келісім кадр қызметінде жазбаша түрде рәсімделеді.
Негізгі шектеулердің түрлері
Мемлекеттік функциялармен сыйыспайтын қызметке тыйым салу:
- Кәсіпкерлік қызмет: Шаруашылық жүргізуші субъектілерді өз бетінше басқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
- Сенімгерлік басқару: Лауазымға тағайындалғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде кіріс әкелетін мүлік (акциялар, жарғылық капиталдағы үлестер және т.б.) сенімгерлік басқаруға берілуі тиіс. Бұл талап ақша қаражаттарына, облигацияларға және инвестициялық қорлардың пайларына қолданылмайды.
- Өзге де ақылы жұмыс: Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа кез келген ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады.
- Жақын туыстардың бірге қызмет атқаруына жол бермеу: Тұлғалар өздерінің жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты қызметтерді атқара алмайды. Жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, аға-інілер, апа-сіңлілер, аталар, әжелер және немерелер жатады.
Сыйлықтар мен сыйақылар алуға тыйым салу:
- Лауазымды тұлғаға оның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері үшін сыйлықтар, ақша немесе қызметтер қабылдауға тыйым салынады.
- Лауазымды тұлғаның отбасы мүшелеріне де мұндай сыйлықтарды қабылдауға рұқсат етілмейді.
- Егер сыйлық немесе ақша лауазымды тұлғаның хабарынсыз берілген болса, олар мемлекет кірісіне өткізілуі тиіс: ақша - екі апта ішінде бюджетке; сыйлықтар – 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға.
- Шетелдік банктердегі шоттарға қатысты шектеулер.
- Жауапты лауазымды тұлғалардың белгілі бір санаттарына шетел банктерінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде шот ашуға және иеленуге, сондай-ақ қолма-қол ақша мен бағалы заттарды сақтауға тыйым салынады.
Құмар ойындарға тыйым салу:
- Лауазымды тұлғаларға ойын-сауық орындарында немесе интернет арқылы құмар ойындарға және бәстесуге қатысуға тыйым салынады.
- Мүдделер қақтығысы
Лауазымды тұлғаларға жеке мүдделері мен қызметтік өкілеттіктері арасында қайшылық (мүдделер қақтығысы) болған жағдайда қызметтік міндеттерін орындауға тыйым салынады. Мұндай жағдай туындаған кезде қызметкер бұл туралы жазбаша түрде өзінің басшысын хабардар етуге міндетті. Басшы өз кезегінде мүдделер қақтығысын жою бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
- Бұзушылықтың салдары
- Жұмысқа қабылдаудан бас тарту: Егер кандидат көрсетілген шектеулерді қабылдамаса.
- Қызметтен босату: Шектеулерді сақтамау немесе оларды орындаудан бас тарту лауазымнан босатуға немесе өкілеттіктерді дереу тоқтатуға негіз болады.
(Дереккөзі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.)