Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары туралы

     Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл туралы» Заңы талаптарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады.

     2026 жылғы 25 ақпанда ҚР ҚМ МКК қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы — Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы қатысуымен кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауы қарастырылып, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі шектеулер мен тыйымдар түсіндірілді. Мемлекеттік қызметші мемлекет атынан әрекет етіп, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттеріне әсер ететін шешімдер қабылдайтыны, сондай-ақ жария ресурстарды басқаратыны атап өтілді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге адалдық пен жауапкершілікке жоғары талаптар қойылады.

     Мемлекеттік қызметшілер үшін негізгі шектеулер:

     Шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқаруға қатысуға тыйым салу

     Мемлекеттік қызметшілерге коммерциялық ұйымдарды (ЖШС, АҚ, ЖК) басқаруға, басшылық лауазымдарды атқаруға немесе олардың қызметіне ықпал етуге тыйым салынады.

     Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу

     Мемлекеттік қызметшілерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, бизнес құрылтайшысы болуға немесе коммерциялық қызметті үшінші тұлғалар арқылы жүргізуге тыйым салынады.

     Пассивті табыс алуға рұқсат етілетін нысандар

     Мемлекеттік қызметшілерге басқаруға қатыспай облигацияларға, инвестициялық қорлардың пайларына және ұйымдастырылған нарықтағы акцияларға иелік етуге рұқсат етіледі (жай акциялар – дауыс беретін акциялардың 5%-ынан аспауы тиіс).

     Өзге ақылы қызметпен айналысуға тыйым салу

     Педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметке ғана рұқсат етіледі.

     Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

     Табыс әкелетін бизнес, үлестер және басқа да мүлік сенімгерлік басқаруға берілуі тиіс.

     Туыстардың бірлесіп қызмет атқаруына жол бермеу

     Жақын туыстардың тікелей бағыныстылықта бірге қызмет атқаруына тыйым салынады. Мұндай жағдай үш ай ішінде жойылуы тиіс.

     Шетелдік банктердегі шоттар мен активтер

     Мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерде шоттар мен қаржылық активтерге ие болуға тыйым салынады.

     Мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайда мемлекеттік қызметші бұл туралы дереу басшылықты хабардар етуге міндетті.

      Белгіленген талаптарды бұзу келтірілген залалдың бар-жоғына қарамастан мемлекеттік қызметтен босатуға әкеп соғуы мүмкін.

     Аталған шектеулер мен тыйымдар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған.

Дата публикации
06 марта 2026
Дата обновления
06 марта 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы