Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының жақын туыстардың бірлескен қызмет атқаруына жол бермеу бөлігіндегі ережелері

     Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың тікелей бағыныстылық жағдайында бірлесіп қызмет атқаруына (жұмыс істеуіне) тыйым салынады.

     Мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе соларға теңестірілген лауазымдарды атқаратын адамдар:

  • өздерінің жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына) немесе жекжаттарына тікелей бағынысты болмауға;
  • аталған адамдарды тікелей бағыныстылықта ұстамауға міндетті.

     Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару органдарында  жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп лауазым атқаруына тыйым салынады.

     Лауазымға үміткерлердің міндеттері

     Мемлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік және оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға үміткер адамдар осы ұйымға қарасты мекемеде жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары туралы ұйым басшылығын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

     Талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік

     Белгіленген талаптар бұзылған жағдайда:

  • бұзушылықты ерікті түрде жою үшін үш айға дейінгі мерзім беріледі;
  • жойылмаған жағдайда:

     1) бағыныстылықты немесе бірлескен қызметті болдырмайтын басқа лауазымға ауыстыру жүргізіледі;

     2) ауыстыру мүмкін болмаған кезде қызметкерлердің біреуі лауазымынан босатылады немесе тиісті функциялардан шеттетіледі.

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы