Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жекелеген қоғамдық қатынастар салалары үшін әзірленген және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі болып табылады. Аталған стандарттар лауазымды адамдардың мінез-құлқына, рәсімдерді ұйымдастыруға және басқарушылық шешімдер қабылдауға бірыңғай тәсілдерді қалыптастырып, қоғам тарапынан ашықтықтың, есептіліктің және сенімнің артуына ықпал етеді.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тұрақты негізде түсіндіру әңгімелері жүргізіледі. Аталған кездесулер барысында заңнаманы сақтау мәселелері, талаптар талқыланып, сондай-ақ кедендік құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

     Кедендік рәсімдердің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта кедендік операциялар ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, негізінен онлайн форматта жүзеге асырылады. Процестерді цифрландыру мыналарға мүмкіндік береді:

  • лауазымды адамдар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы жеке байланыстарды барынша азайтуға;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға;
  • кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде тең және объективті көзқарасты қамтамасыз етуге.

     Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды іске асыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстың маңызды элементі болып табылады.

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы