Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, өздеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Бұл шектеулер, оның ішінде мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабында көзделген өзге де тыйымдарға қатысты қолданылады.
Осылайша, Заңның 12-бабы мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде кеден органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу міндетін белгілейді, сыйлықтар мен өзге де артықшыларды қабылдамауды, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді тек мемлекет мүддесі үшін пайдалануды талап етеді.
Аталған норманы іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне, қызметтік тәртіптің нығаюына, ашықтықтың артуына және қоғамның кеден органдары мен жалпы мемлекеттік қызметке деген сенімнің күшеюіне ықпал етеді.