Меню

Страницы

Статья

13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

     Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған шектеулер белгіленген.

     Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық және өзге де ұйымдарды басқаруға қатысуға тыйым салынады.

     Қызметтік міндеттерді орындау кезінде объективтілік пен бейтараптықты қамтамасыз ету мақсатында аталған адамдарға кіріс әкелетін және қызметтік шешімдер қабылдауға ықпал етуі мүмкін қатысу үлестеріне, акцияларға және өзге де мүлікке иелік етуге жол берілмейді. Заңда көзделген жағдайларда мұндай активтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс.

     Сонымен қатар заңнамаға сәйкес педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ меншік құқығындағы мүлікті мүліктік жалға (жалға беру) тапсырудан кіріс алуға жол беріледі.

     Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратындарды қоса алғанда, лауазымды адамдардың жекелеген санаттары үшін коммерциялық ұйымдардағы бағалы қағаздарға және қатысу үлестеріне иелік ету мен оларды басқаруға байланысты қосымша шектеулер көзделген.

     Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабында белгіленген талаптарды сақтамау тиісті қызметті тоқтату не мүлікті сенімгерлік басқаруға беру міндетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолдануды көздейді.

Дата публикации
16 января 2026
Дата обновления
16 января 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы