Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы мемлекеттік лауазымды атқаруға үміткер тұлғаларға, мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды атқаратын тұлғаларға, сондай-ақ олардың жұбайларына және жекелеген жағдайларда отбасы мүшелеріне қатысты қаржылық бақылау шараларын белгілейді.
Аталған адамдар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де орналасқан кірістер, мүлік және қаржылық активтер туралы мәліметтерді қоса отырып, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынуға міндетті. Мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары қосымша түрде банк шоттары, бағалы қағаздар, акционерi немесе құрылтайшысы ретiнде қатысуы қатысуы, трасттар және елеулі шарттық міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынады.
Мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде декларацияларды жыл сайын, ал теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл ішінде ұсынады. Декларациялардың ұсынылғаны мемлекеттік кірістер органының анықтамасымен расталады.
Декларацияларды және мәліметтерді ұсынбау не жалған мәліметтер беру өкілеттіктер беруден бас тартуға, тәртіптік немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Ұсынылатын мәліметтер қызметтік құпия болып табылады және тек уәкілетті мемлекеттік органдар пайдаланады.