Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңының 21 бабына түсіндірме

     21-бапта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілеттіктері белгіленген.

     Уәкілетті органның құқықтары:

     1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға;

     2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға;

     3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындауға;

     4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасап, істерді қарауға;

     5. Заңдар мен Президент актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құқықтары:

     1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу мен анықтау тәжірибесін талдауға;

     2. Шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп әкелуге;

     3. Құжаттар мен мүлікті заңнамаға сәйкес алуға немесе тәркілеуге;

     4. Уақытша ұстау изоляторларын пайдалануға;

     5. Тексерістер, ревизиялар және аудит жүргізуді талап етуге;

     6. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдістері мен тәсілдерін жетілдіруге;

     7. Ақпараттық жүйелер құруға және пайдалануға;

     8. Ұсталған және қамаудағы адамдарды конвоймен алып жүруге;

     9. Заңдар мен Президент актілерінде көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.

Дата публикации
13 ноября 2025
Дата обновления
13 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы