Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі және әрбір қызметкердің азаматтық борышы.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін және азаматтардың билікке деген сенімін төмендететін ең өзекті мәселелердің бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл мемлекеттік қызметшілердің адалдық, жауапкершілік және әділдік қағидаттарына негізделген моральдық және құқықтық құндылықтар жүйесі. Оның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және қоғам мүддесіне адал қызмет ету.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қызметкерлері өз қызметінде ашықтық, әділдік және адалдық қағидаларын басшылыққа алады. Әрбір шешім, әрбір рәсім заңдылық пен транспаренттілік негізінде қабылдануы тиіс.
«ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қоғамның мемлекеттік органға деген сенімін арттыру.
Осы мақсатта қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениетін және заңнама туралы хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары, әдеп бойынша семинарлары өткізіледі.
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу мемлекеттік қызметте адалдық пен ашықтықты нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.