Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі түсіндірме, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ үшін айрықша маңызға ие және басшылықтың тұрақты бақылауында тұр. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстарының мақсаты – мемлекеттік қызметті беделден түсіретін әрекеттерге жол бермеу жөнінде ескерту болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыбайлас жемқорлыққа мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Бұл саясаттың нәтижелері мемлекеттік органдардың өз қызметкерлері тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастың өзгеруінен көрініс табуда. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ 2022–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасы қабылданған болатын. «Қазақстан – 2050» стратегиясында да жаңа саяси бағыт сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген басты қатерлердің бірі ретінде айқындайды және қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуына кедергі келтіретін аса жағымсыз құбылыс ретінде қарастырады.
Мемлекеттік органдардағы, оның ішінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ бұл бағыттағы жұмыс жүйелі және кешенді сипатқа ие.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және олардың профилактикасына бағытталған шаралар — жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен «нөлдік төзімділік» қағидатын тәрбиелеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзімдерді сақтау, бюрократиялық кедергілерді болдырмау және қызмет алу жолдарын «жеделдету» мақсатында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қызметкерлердің азаматтармен тікелей байланысын барынша азайту мақсатында кедендік қызметтерді электрондық форматта ұсыну көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдап отыр.
Жаңа технологияларды қолдану азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық және мобильдік форматтарда алуға мүмкіндік береді және бұл мемлекеттік органдардың басты міндеті — халыққа бағдарланған қызмет көрсету қағидатын айқын көрсетеді.