Меню

Страницы

Статья

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісім»

    Бұл Келісім 11 мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қабылдаған (Азербайджан Республикасы, Республика Армения, Республика Беларусь, Республика Молдова, Қазақстан Республикасы, Рессей Федерациясы, Тәджікістан Республикасы, Түркменістан, Өзбек Республикасы, Украина).

      Келісімнің мақсаты Тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігері мен ынтымақтастығының тиімділігін арттыру болып табылады.

    Тараптар ынтымақтастығының негізгі міндеттері:

  -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүзеге асыру бойынша келісілген саясатты, бірлескен бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

  - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру және Тараптардың заңнамасын үндестіру;

  - сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының одан әрі өсу қатерін еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру;

  - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

  - тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық беделін нығайту;

  - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады.

  Тараптардың ынтымақтастығы мынадай негізгі бағыттар мен формаларды қамтиды:

- сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәрдем көрсету;

- сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында үйлестірілген және/немесе келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнаулы операциялар жүргізу;

- сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және беру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;

 - сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіру және қайтару саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысатын жеке тұлғалар мен ұйымдарды құқықтық қорғау және қолдауды қамтамасыз ету;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жедел-ақпараттық және ақпараттық-талдамалық алмасу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегияларын, бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық реттеу тәжірибесімен алмасу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар өткізу;

- сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар мен зерттеулер жүргізу.

Тараптар өздерінің құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттары сақталған жағдайда мынадай сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер:

-пара алуды;

- пара беруді;

- билікті немесе лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерді теріс пайдалануды, лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерді асыра пайдалануды;

- лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерді пайдалана отырып жымқыруды қылмыстық жазаланатын деп тану үшін қажетті заңнамалық шараларды қабылдайды.

Дата публикации
05 июня 2025
Дата обновления
05 июня 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы