Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410‑V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-1 бабына сәйкес мемлекет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлаған немесе оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдем көрсеткен тұлғаларды келесі қорғау шараларымен қамтамасыз етеді:
1. Еңбек құқықтарын қорғау
Тиісті орган хабарламаны қабылдаған күннен немесе басқа да жәрдем көрсеткен күннен бастап үш жыл ішінде тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қызметі үшін жұмыстан босатылмауға, лауазымынан төмендетілмеуге, басқа қызметке ауыстырылмауға, тәртіптік жазаға тартылмауға немесе басқа да репрессиялық шараларға ұшырамауға құқылы.
2. Жүгінудің құпиялылығы
Ұйым басшысына немесе уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген деректер мен оның мазмұны заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғаның жазбаша келісімінсіз жария етілмейді.

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Мүдделер қақтығысы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам
09 октября 2026
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсері
25 сентября 2026
Цифрлық трансформация және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа тәсілдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы