Біз қазір жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі қоғамдағы мәселелердің ішінен түбегейлі шешімі табылмай тұрған ең өзекті маселелердің бірі - жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық - бұл тамырын кеңінен жайған қоғам дерті. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономикасының өсіп - өнуіне өрескел кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлық дертімен әр ел өзінше күресуде. Әр мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапкершілікке тартылу тәртібін сезіне білуі керек, жас буынға жемқорлықтың салдарын түсіндіре алатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің, санасының қалыптасуына көмектесе алатын құқықтық сауатты болуы керек. Халық сыбайлас жемқорлық жасаған мемлекеттік қызметшінің жауапкершілікке тартылғанын біліп қана қоймай, ол жағдайдың енді қайталанбайтындығына сенімді болуы керек. Мемлекеттік қызметші сауатты да білікті, ары да жаны таза, елінің патриоты, өзінің ісімен, мінез-құлқымен үлгі болуы керек, сонда ғана халық сеніміне ие болады деп білемін.