«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ (әрі қарай- БДБ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі ретінде анықталды. Бұл саясаттың нәтижелері мемлекеттік органдар мен олардың қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауында көрініс тапты. Осыған байланысты, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқындау мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп ретінде қарастырып, мемлекет пен қоғамның осы құбылыспен күресте күш біріктіруін көздейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және олардың профилактикасы, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» тәрбиелеу – біздің қызметіміздің басым бағыттары болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтау – бюрократиялық кедергілер мен қызметті жеделдету үшін балама жолдарды іздеу қажеттілігін жоюға бағытталған. СЭҚҚ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта БДБ қызметкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы тікелей байланыстарды азайту мақсатында кедендік қызметтердің электронды түрде көрсетілу үлесін арттыруға ұмтылуда.