ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізіледі, онда қызметкерлер сыбайлас жемқорлық саласында заңдарды қатаң сақтау арқылы және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын сақтау арқылы сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған іс-қимыл шаралары туралы ақпарат алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кең таралған құқық бұзушылықтардың бірі мәмілелер, шарттар, актілер мен әрекеттер жасау болып табылады.
26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелердің, шарттардың, актілердің және әрекеттердің жарамсыздығы
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.
5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-1-бап. Өтпелі ережелер
- Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында және 14-1-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қолданылатын адамдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
- Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар аумағында шоттары (салымдары) орналасқан және (немесе) шетелдік банкте қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жүзеге асырылатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шет мемлекеттің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға, билік етуге тыйым салуға байланысты немесе осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еркінен тыс еңсерілмейтін күш мән-жайларына (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, банктік шот (салым) туралы шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың мүмкін болмауы және өзге де мән-жайлар) байланысты осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындай алмаған жағдайда мұндай талаптар тыйым салудың, билік етуге тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде тиісті фактілерді растайтын құжаттар ұсыныла отырып орындалуға тиіс.
- Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Осы баптың 2-тармағында көзделген мерзім ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті өз қалауы бойынша тоқтату туралы өтініш беруге құқылы.
Ескерту. 5-тарау 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.