Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру мерзімі (көк дәліз)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеруді «Қазақстан Республикасының Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 410 бабына сәйкес тексеру жүргізеді.
410-бапқа сәйкес егер кедендік декларацияны беру кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмесе, кеден органы декларанттан тексерілетін кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы.
Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін кеден органы сұратқан және Кодекстің баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді декларант тауарлар шығарылғаннан кейін, осы Кодекстің 397-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кедендік декларацияның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.
Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса – мұндай мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аяқтайды.