"Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілді:
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары
Жалпы ережелер
_____Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адамдар), Бас деспечерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін айқындайды.
_____"Тауарларды кедендік тазарту" уәкілетті лауазымды адамдар, БДБ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.
_____Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады және тауарларға арналған декларация немесе тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген сәттен басталады және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытын ескере отырып тауарларды шығару аяқталады.
_____Электронды түрдегі кедендік декларациялау осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ЭТД) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
_____Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
_____Кодекстің 393-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік бақылау тек кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды айқындайтын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде, сондай-ақ Кодексте көзделген кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану кезінде көрсетілетін қызметті берушіге белгілі болған, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамау белгілері болған кезде ғана жүзеге асырылады.
_____Тауарларды кедендік тазарту кезінде оның нысанына қарамастан, декларант немесе кеден өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында жағдайларды, немесе Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық Комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, қызмет аймағында кедендік бақылаудағы тауарлар бар қызмет берушіге тауарлардың декларациясын береді.
_____ЭТД оны толтырғаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған жағдайларда электрондық түрде ұсынылған, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
_____Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының ЭТД мәртебесі (берілді, қабылданды, тіркелді, тіркеуден бас тартылды, шығаруға рұқсат берілді, шығару тоқтатыла тұрды, кері қайтарып алынды, шартты түрде шығару) туралы хабардар етуге байланысты қызмет берушінің іс-әрекеттері нақты уақыт режимінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
_____Көрсетілетін қызметті беруші:
_____лауазымды адамның қатысуынсыз тауарларды шығарумен (автоматты түрде шығару);
_____тауарларды шығаруды жоюмен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес электронды құжаттарды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
_____Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша уәкілетті лауазымды адам өтініш түскен сәттен бастап 30 (отыз) минуттан кешіктірмей ЭТД-ның қағаз данасын оның электрондық түрінен басып шығарады.
_____Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды адам қағаз түріндегі осындай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгі қояды және жеке нөмірлік мөрмен растайды.
_____Тауарлардың автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығару жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймағындағы уәкілетті лауазымды адам қояды.
_____Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге АЖ не www.egov.kz "Электронды үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) ЭТД ұсынады.
_____Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші адамның қолы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), күні, уақыты қамтылған ТД қоса берілетін құжаттар тізімдемесіндегі белгі көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша нысанда берілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
_____Портал арқылы өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.
_____Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға жол берілмейді.
_____Тауарларды кедендік декларациялау кезінде АЖ істен шыққан кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтырған іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпараттарды, АЖ істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне хабарлама жолдайды.
_____ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тартуды Кодекстің 148-бабы 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – ЭТД автоматты түрде тіркеу) жүзеге асырады.
_____ЭТД беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулықта көзделген мерзімде ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуын немесе болмауын тексереді.
_____Көрсетілген тексеруді жүргізгеннен соң көрсетілетін қызметті беруші ЭТД берілген сәттен бастап 2 (екі) сағаттан көп емес уақытта ЭТД тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.
_____ЭТД беру күні мен уақытын көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тіркейді.
_____Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.