Статистикалық көрсеткіштер.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы 2024 жылдың 1 тоқсанында "Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылауды тағайындаған 41 717  кедендік декларация бойынша кедендік бақылау шеңберінде тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік және одан өзге де құжаттар мен мәліметтерді тексерулерді аяқтады.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде кедендік құн құрылымының бұзылуына, кедендік құнды айқындау әдістерін дұрыс таңдамауға, сондай-ақ мәлімделген кедендік құнды Құжаттамалық растаудың болмауына байланысты 29 735 кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бюджетке қосымша 15 499 022 мың теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.

Сонымен қатар, қарап-тексеру интроскопиялық техникасының рентген - суреттерін талдау нәтижелері бойынша 658 көлік құралына қатысты Кедендік бақылау аясында кедендік қарап-тексеру тағайындалды. Оның ішінде 243 көлік құралы бойынша кедендік заңнама нормаларының бұзылуы болып табылатын тауарларды заңсыз тасымылдау анықталды. Бюджетке қосымша 75 362 мың теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.

 

2024 жылдың 1 тоқсанына Статистика

 

№

Кедендік бақылау нысаны

Аяқталған кедендік бақылау нысандарының саны

Нәтижесінде кеден заңнамасының бұзылуы анықталған кедендік бақылау нысандарының саны

Бюджетке қосымша өндірілген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы, мың теңге

1

Кедендік және одан өзге де құжаттар мен мәліметтерді тексерулер

41 717

29 735

15 499 022

2

Кедендік қарап-тексеру

658

243

75 362

Статистические данные
Дата публикации
04 мая 2024