Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімі
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 82-бабының 3-тармағына, 118-бабының 3 және 4-тармақтарына, 120-бабының 20-тармағына, 124-бабының 12 және 15-тармақтарына, 125-бабының 4-тармағына, сондай-ақ, 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
а) 3) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы, тауарлар шығаруды тоқтату мерзімін ұзарту туралы, мұндай тауарларды шығару мерзімін тоқтатуды жою туралы мәліметтер;";
б) 4) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер кеден органы ТД-ны қайтарып алуға рұқсат еткен немесе декларант ТД-ны қайтарып алу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырмастан, кеден органы тауарлар шығаруды жойған жағдайда, кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес жазу түсіріледі (мұндай шешім қабылданған күн көрсетіледі), ол лауазымды тұлғаның қолы қойылып, жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылады.".
|
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
|
|
|
Еуразиялық экономикалық |
|
Тауарлар шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысты кедендік операциялар жасаудың, тауарлар шығару мерзімін тоқтату,
мұндай тоқтатудың мерзімін ұзарту және оларды бұзу туралы шешімдерді ресімдеудің, сондай-ақ, мұндай шешімдерді қабылдау туралы хабардар етудің
ТӘРТІБІ
а) кеден органдарының:
тауарлар шығаруға, соның ішінде кеден органы лауазымды адамының қатысуынсыз, кеден органының ақпарат жүйесі арқылы тауарлар шығаруға (бұдан әрі – тауарларды автоматты шығару), оларға қатысты электронды құжат түрінде тауарлар декларациясы (бұдан әрі - ТЭД) не электронды құжат түрінде транзиттік декларация (ЭТД) тіркелген тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысты;
оларға қатысты қағаз жүзіндегі құжат түрінде тауарлар декларациясы (бұдан әрі - қағаз жүзіндегі ТД) не қағаз жүзіндегі құжат түрінде транзиттік декларация (бұдан әрі - қағаз жүзіндегі ТД) тіркелген, соның ішінде, мұндай кедендік құжаттар ретінде, соның ішінде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі, тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) үшінші тараппен көзделген халықаралық шарттарында көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылған жағдайда, тауарларды шығаруға, тауарларды шығарудан бас тартуға және тауарларды шығаруды жоюға;
тауарлар декларациясы берілгенге дейін оларға қатысты, тауарлар шығару туралы электронды құжат түрінде мәлімдеме (бұдан әрі – электронды мәлімдеме) тіркелген, тауарлар шығаруға, соның ішінде тауарларды автоматты шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға;
тауарлар декларациясы берілгенге дейін оларға қатысты, тауарлар шығару туралы қағаз жүзіндегі құжат түрінде мәлімдеме (бұдан әрі – қағаз жүзіндегі мәлімдеме) тіркелген, тауарлар шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысиы кеден операцияларын жасаудың дәйектілігін;
б) аумағында тауарлар кедендік рәсімдерге орналастырылатын, оларға қатысты қағаз жүзіндегі ТЭД, ТД не электронды мәлімдеме немесе қағаз жүзіндегі мәлімдеме тіркелген, мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін, мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің (бұдан әрі -зияткерлік меншік объектілері) бірыңғай тізіліміне немесе зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кеден тізіліміне енгізілген, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарларға қатысты, тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы және мұндай тоқтатудың мерзімін ұзарту туралы, тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешімді бұзу туралы шешімдердің, сондай-ақ, мұндай шешімдерді қабылдау туралы хабардар етудің тәртібін айқындайды.
Егер декларант не тауарлар декларациясын беру кезінде декларант ретінде болатын адам (кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кедендік құжаттарды тіркеуіне байланысты) осы Тәртіптің 5-тармағында айқындалған жағдайларда және Кодекстің 119-бабының 1-тармағында айқындалған мерзімдерде кеден органы тауарларды шығаратын, Кодекстің 118-бабының 1-тармағында, 120-бабының 13-тармағында немесе 143-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда, осы Тәртіптің ІІ бөліміне сәйкес тауарларды автоматты шығаруды қолдануға жол беріледі.
ТЭД, ЭТД-де не электронды мәлімдемеде аталған мәліметтер, осы Тәртіптің 9-тармағының бірінші абзацында аталған шарттар сақталған өзге де жағдайларда, осы Тәртіптің ІІІ бөліміне сәйкес, Кодекстің 119-бабында айқындалған мерзімдерде кеден органының лауазымды адамы мұндай тауарларды шығаруды ресімдейді.
ІІ. Тауарларды автоматты шығаруға байланысты кеден операцияларын жасау тәртібі
тиісті кедендік құжаттарда мәліметтер берілген кедендік рәсімдер мен тауарларға қатысты Кодекстің 78-бабында көзделген кеден операцияларын жасау технологияларына сәйкес тауарларды автоматты шығаруды қолдануға жол беріледі;
кеден органы ақпарат жүйесі жұмысының алгоритмдерімен (талаптарымен) айқындалған, тиісті кедендік құжатты тексерудің шарттары сақталған;
осы кедендік құжатта олар туралы мәліметтер берілген (кеден органы ақпарат жүйесінде мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер болған жағдайда) барлық тауарларға қатысты мәліметтерді растайтын, қатерді басқару жүйесін, электронды түрдегі өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді пайдалана отырып, кеден органы ақпарат жүйесі арқылы тиісті кедендік құжатты тексеру нәтижелері бойынша оларда мәлімделген мәліметтердің сәйкессіздік белгілері, сондай-ақ, құжаттардың түпнұсқасын ұсыну не тауар шығарылғанға дейін кедендік бақылау жүргізу қажеттігі анықталмаған.
а) кеден органында осы кедендік құжатты тіркеу нөмірі;
б) кеден органдары қолданатын шешімдердің сыныптауышына сәйкес тауарларды шығару туралы шешімнің коды;
в) кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) пішіміндегі күні және тауардың шығарылған уақыты;
г) егер ол мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, тауарлар шығаруды тіркеу нөмірі;
д) кеден транзитінің мерзімі, қолданылған сәйкестендіру құралдары (егер бұл құралдар қолданылған жағдайда) және кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды жеткізу орыны (ЭТД үшін).
Кеден органының ақпарат жүйесі тауарларды автоматты шығаруды тоқтатқан кезде, кеден органының лауазымды адамы осы тармақтың бірінші абзацында аталған кедендік құжатты, осы кедендік құжатта берілген мәліметтерді растайтын өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру не қатерді төмендету жөнінде шаралар қабылдау жүзеге асырылғаннан кейін, осы Тәртіптің ІІІ бөліміне сәйкес, тауарлар шығарудың қажеттігі туралы автоматты жағдайда, электронды нысанда хабардар етіледі.
ІІІ. Кеден органының лауазымды адамының қатысуымен тауарлар шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
а) осы Тәртіптің 6-тармағында аталған мәліметтер;
б) шығару туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты реттік нөмірлер (шығару туралы шешім ТЭД-да мәліметтер берілген барлық тауарларға қатысты емес болған жағдайларда);
в) кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі.
Оларға қатысты қағаз жүзіндегі ТД немесе қағаз жүзіндегі ТРД ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші елмен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар пайдаланылған, тауарлар шығару туралы шешімді ресімдеу кезінде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес, кеден органының лауазымды адамы осы құжаттарға белгілер салады.
а) қағаз жүзіндегі ТД, қағаз жүзіндегі ТРД не тиісінше қағаз жүзіндегі мәлімдеме берілгені және толтырылғаны сияқты, Одақтың құқығына кіретін және осы кедендік құжаттың нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайтын актілерге сәйкес тауарлар шығару туралы осы құжатта белгілер қою арқылы мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тиісті кедендік құжаттың данасын (даналарын) басып шығарады және тауарлар шығаруды ресімдейді;
б) мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес, осы кедендік құжатта мәліметтер берілген, тауарларды шығару туралы және тауарлар шығарылған, қағаз жүзіндегі кедендік құжатты алу мүмкіндігі туралы тиісті кедендік құжатты берген адамды хабардар етеді;
в) тиісті кедендік құжатты берген адамға осы құжаттың басып шығарылған данасын (даналарын) табыс етеді. Аталған адамға осы құжаттың басып шығарылған данасын (даналарын) табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, тауарлар шығарылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешікпей, орган осы кедендік құжатты табыс ету туралы хабардар ете отырып, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді немесе оның алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
Зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім Кодекстің 119-бабында белгіленген, тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін қабылданады.
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, ТЭД-ты немесе электронды мәлімдеме берген адамға келесі мәліметтерді қалыптастырады және электронды нысанда жібереді:
кеден органындағы тиісті кедендік құжаттың тіркеу нөмірі;
тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім қабылданған декларацияланатын тауардың реттік нөмірі;
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешімнің коды;
тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім қабылдаудың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тауарлар шығару мерзімін тоқтатудың себептері;
тауарлар шығару мерзімі тоқтатылған, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
құқық иесі және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иесінің (бұдан әрі – құқық иесі) мүдделерін білдіретін тұлға: атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), орналасқан жері (мекен-жайы);
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
б) белгілер салады (жазу немесе мөртабанның таңбасы түрінде), осы тармақтың "а" тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарында аталған тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім туралы мәліметтер, сондай-ақ, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні, қағаз жүзіндегі тиісті ТД бағандарында кеден органы лауазымды адамының қойған қолы және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі не Одақтың құқығына кіретін және осы кедендік құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін айқындайтын актілерге сәйкес, қағаз жүзіндегі мәлімдемені енгізеді;
в) қағаз жүзіндегі ТД не қағаз жүзіндегі мәлімдемені берген адамға осы тармақтың "а" тармақшасындағы мәліметтерден тұратын қағаз жүзіндегі хабарламаны табыс етеді немесе осы хабарламаның электронды түрін жібереді;
г) электронды нысанда, мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жазбаша түрде келесі мәліметтерді жіберу арқылы құқық иесі хабардар етіледі:
кеден органында осы хабарламаның тіркеу нөмірі және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім қабылданған, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар және олардың орналасқан жері (мекен-жайы);
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешімнің коды;
тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім қабылдаудың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тауарлар шығару мерзімін тоқтатудың себептері;
тауарлар шығару мерзімі тоқтатылған, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
декларант немесе электронды мәлімдеме немесе қағаз жүзінде мәлімдеме берген және тауарларға декларация беру кезінде тауарлардың декларанты болатын адам: атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), орналасқан жері (мекен-жайы);
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі.
Зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар шығаруды тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім (бұдан әрі - тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім) Кодекстің 124-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін қабылданады.
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, ТЭД-ты немесе электронды мәлімдеме берген адамға келесі мәліметтерді қалыптастырады және электронды нысанда жібереді:
кеден органында тиісті кедендік құжатты тіркеу нөмірі;
тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған, декларацияланатын тауардың реттік нөмірі;
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешімнің коды;
тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаудың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тауарлар шығаруды тоқтату мерзімі ұзартылған, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
б) белгілер салады (жазу немесе мөртабанның таңбасы түрінде), осы тармақтың "а" тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарында аталған тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім туралы мәліметтер, сондай-ақ, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні, қағаз жүзіндегі тиісті ТД бағандарында кеден органы лауазымды адамының қойған қолы және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі не Одақтың құқығына кіретін және осы кедендік құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін айқындайтын актілерге сәйкес, қағаз жүзіндегі мәлімдемені енгізеді;
в) қағаз жүзіндегі ТД не қағаз жүзіндегі мәлімдемені берген адамға осы тармақтың "а" тармақшасындағы мәліметтерден тұратын қағаз жүзіндегі хабарламаны табыс етеді немесе осы хабарламаның электронды түрін жібереді;
г) электронды нысанда, мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жазбаша түрде келесі мәліметтерді жіберу арқылы құқық иесі хабардар етіледі:
кеден органында осы хабарламаның тіркеу нөмірі және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
осы Тәртіптің 16-тармағының бірінші абзацында аталған құқық иесінің сауалын тіркеу нөмірі және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар және олардың орналасқан жері (мекен-жайы);
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешімнің коды;
тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаудың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
тауарларды шығару тоқтатылған мерзім ұзартылған, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі.
Зияткерлік меншік объектілерінен тұратын, тауарлар шығару мерзімін тоқтату туралы шешім құқық иесінің мәлімдемесі тіркелген кезден бастап, 4 сағаттан кешікпей, ал Кодекстің 124-бабы 9-тармағының 2 және 3-тармақшаларында айқындалған жағдайларда, - тиісті оқиға басталған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешікпей жойылады.
кеден органында тиісті кедендік құжатты тіркеу нөмірі;
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешімнің коды;
кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні және тауарларды шығарудан бас тартылған уақыт;
Кодекстің 125-бабының 3-тармағына сәйкес, тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою жөніндегі ұсынымдар;
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі.
Оларға қатысты қағаз жүзіндегі ТД немесе қағаз жүзіндегі ТРД ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) соның ішінде, мүше елдердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар пайдаланылған жағдайда, тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу кезінде Кодекстің 125-бабының 3-тармағына сәйкес, осы құжаттарға кеден органының лауазымды адамы тауарларды шығарудан бас тарту туралы белгілер салады.
Аталған адамға осы кедендік құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, кеден органы тауарларды шығарудан бас тарту ресімделгеннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешікпей, осы құжаттарды табыс ету туралы хабардар ете отырып, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді және олардың алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
а) Кодекстің 113-бабының 4-6-тармақтарында және 116-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда, декларанттың тауарлар декларациясын немесе транзиттік декларацияны қайтып алу жөніндегі өтініші бойынша;
б) келесі жағдайларда, олар туралы мәліметтер тауарлар декларациясында, транзиттік декларацияда не тауарлар шығару туралы мәлімдемеде көрсетілген, тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органына түскен, декларанттың дәлелді өтініші бойынша:
тауарлар туралы осы мәліметтерден және мәлімделген кедендік рәсімнен тұратын және осы тауарлар мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған, тауарлар декларациясы берілгенге дейін осы тауарларға қатысты бұрын өзге тіркеу нөмірімен тауарлар декларациясы, транзиттік декларация не тауарлар шығару туралы мәлімдеме тіркелген кезде;
шын мәнінде Одақтың кеден аумағына әкелінбеген, Одақтың кеден аумағында пайдалану көзделген, кедендік рәсімдерге сәйкес шығару жүзеге асырылған тауарларға қатысты;
в) Кодекстің 116-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, тауарлар шығаруды жоюды жүзеге асырады.
Мүше елдердің заңнамасына сәйкес, өтінішті тіркеу туралы кеден органының лауазымды адамы декларантты хабардар етеді.
Аталған шешім қабылданған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешікпей, кеден органының лауазымды адамы кеден органы қабылдаған шешім туралы декларантты хабардар етеді және осы лауазымды адам осы Тәртіптің 29 және 30-тармақтарында көзделген кедендік операцияларды жүзеге асырады.
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, олар туралы мәліметтер ЭТД, ЭТД-да не электронды мәлімдемеде берілген, олардың тіркеу нөмірі өтініште көрсетілген және осы кедендік құжаттан тұратын, тауарларды шығаруды жоюды растайтын, электронды құжатты, сондай-ақ, келесі мәліметтерді қалыптастырады және декларантқа жібереді:
кеден органында тиісті кедендік құжатты тіркеу нөмірі;
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тауарларды шығаруды жою туралы шешімнің коды;
тауарларды шығаруды жоюдың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
б) Одақтың құқығына кіретін және осы кедендік құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін айқындайтын актілерге сәйкес, қағаз жүзіндегі ТД-ның, қағаз жүзіндегі ТРД-ның не қағаз жүзіндегі мәлімдеменің тиісті бағандарында белгілер салу (жазу немесе мөртабанның таңбасы түрінде), кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күнін, кеден органы лауазымды адамының қойған қолын және жеке нөмірлі мөрінің нөмірін қою арқылы олар туралы мәліметтер қағаз жүзіндегі ТД-де, қағаз жүзіндегі ТРД-да не қағаз жүзіндегі мәлімдемеде көрсетілген, тауарларды шығаруды жою рәсімі ресімделеді.
Оларға қатысты қағаз жүзіндегі ТД немесе қағаз жүзіндегі ТРД не қағаз жүзіндегі мәлімдеме ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) соның ішінде, мүше елдердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар пайдаланылған, тауарларды шығаруды жою рәсімін ресімдеу кезінде, мүше мемлекетердің кедендік реттеу заңнамасына сәйкес, осы құжаттарға кеден органы лауазымды адамы белгілер салады;
в) тауарларды шығаруды жою туралы белгілер салына отырып, олар осы кедендік құжаттар ретінде пайдаланылған жағдайда, қағаз жүзіндегі ТД немесе қағаз жүзіндегі ТРД не қағаз жүзіндегі мәлімдеменің данасы (даналары), сондай-ақ, көлік (тасымал) құжаттары декларантқа қайтарылады. Декларантқа осы құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығаруды жою ресімделген күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешікпей, кеден органы осы құжаттарды табыс ету туралы хабардар ете отырып, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді және олардың алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
Декларантқа осы құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, кеден органы тауарларды шығаруды жоюдан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешікпей, осы құжаттарды табыс ету туралы хабардар ете отырып, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді немесе олардың алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
а) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, олар туралы мәліметтер ЭТД-де берілген және осы кедендік құжаттан тұратын, тауарларды шығаруды жою расталған электронды құжатты, сондай-ақ, келесі мәліметтерді қалыптастырады және декларантқа жібереді:
кеден органында тиісті кедендік құжатты тіркеу нөмірі;
кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес, тауарларды шығаруды жою туралы шешімнің коды;
тауарларды шығаруды жоюдың кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күні;
кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрінің нөмірі;
б) Одақтың құқығына кіретін және осы кедендік құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін айқындайтын актілерге сәйкес, қағаз жүзіндегі тиісті ТД-ның, тиісті бағандарында белгілер салу (жазу немесе мөртабанның таңбасы түрінде), кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың екі соңғы цифры) пішіміндегі күнін, кеден органы лауазымды адамының қойған қолын және жеке нөмірлі мөрінің нөмірін қою арқылы олар туралы мәліметтер қағаз жүзіндегі ТД-де көрсетілген, тауарларды шығаруды жою рәсімін ресімдейді.
в) тауарларды шығаруды жою рәсімі ресімделген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешікпей, тауарларды шығаруды жою және аталған тұлғаға бұрын берілген қағаз жүзіндегі ТД-ның, көлік (тасымал), коммерциялық құжаттардың данасын (даналарын), соның ішінде кеден органы лауазымды адамының тауарларды шығару туралы белгілері қойылған, мүше елдердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттарды кеден органына ұсыну қажеттігі туралы декларант электронды нысанда хабардар етіледі.
Декларантты электронды нысанда хабардар ету мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығаруды жою рәсімі ресімделген күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешікпей, кеден органы декларантқа тауарларды шығаруды жою туралы ақпаратты осы құжаттарды табыс ету туралы хабардар ете отырып, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді немесе олардың алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК