Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Сұлтанов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.06.2020 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қызмет беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес мынадай:
лауазымды тұлғаның қатысуынсыз тауарларды шығаруға (бұдан әрі – автоматты шығару);
тауарларды шығарудан бас тартуға;
тауарларды шығаруды жоюға байланысты электрондық құжаттарды қалыптастырады және жібереді.
Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды тұлға мұндай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгі қояды және тауарларды автоматты шығаруды қоспағанда, жеке нөмірлік мөрмен растайды.
Тауарлардың автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығару жүзеге асырылған қызмет беруші қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдаған адамның күні, уақыты, қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген өтініштің көшірмесіндегі белгі көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша нысанда берілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш түскен жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға жол берілмейді.
Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі
1-параграф. Электронды түрде кедендік декларацияны қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті
Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Мерзімдерді бұза отырып ЭТД берілген жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚбК) 538-бабында көзделген шаралар қолданылады.
Форматтық-логикалық бақылау нәтижесінде ЭТД бойынша қателерді беру кезінде АЖ-да тиісті хабарлама бейнеленеді.
ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес ЭТД тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.
2-параграф. Тауарлар шығарылғанға дейін тауарларға арналған декларация тіркелгеннен кейін кедендік операцияларды жасау кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті
Тыйым салулар мен шектеулердің қолданылуына жататын тауарлар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" ЛМДБ АЖ) және "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" (бұдан әрі –"Е-терезе" АЖ) қамтылған тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы ақпаратпен көрсетілетін қызметті алушы ЭТД-да мәлімдеген мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
"Е-лицензиялау" ЛМДБ АЖ-да тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер болмаған жағдайда Е-терезе АЖ уәкілетті лауазымды тұлға рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:
мұндай мәліметтерді Кодекстің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде көрсетілетін қызметті берушінің АЖ қамтылған деректермен салыстыру;
мұндай мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің оларды беруге жауапты мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ресми ақпарат көздерінде көрсетілген осындай құжаттар туралы (мұндай құжаттардан алынған) мәліметтермен салыстыру;
мұндай мәліметтерді тиісті, оның ішінде ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттардың бірыңғай тізілімімен байланысты ақпараттар жарияланатын, Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында орналастырылатын ақпараттармен салыстыру арқылы рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Егер, Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның АЖ арқылы осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) осындай құжаттардан мәліметтерді ала алмаса, онда қызметті алушы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес осындай құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралардың тағайындалғаны туралы хабарлама жолдайды.
1) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысаны түрінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Құжаттар ұсынылған және тауарлар шығарылғанға дейін оларды тексеру аяқталған, не кедендік бақылау нәтижелері өзге нысандарда, оның ішінде тауарлардың кедендік сараптамасында тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізеді.
Егер құжаттарда мәліметтер болмаса немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тиісті түрде растамаса, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызмет алушыға "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын көрсетілген қамтамасыз етуді енгізген кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы тауарларды шығару туралы және Кодекстің 409-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жалғастыру туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін төрт сағаттан кеш емес мерзімде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.
Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және көрсетілетін қызметті беруші осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, көрсетілетін қызметті берушінің талап етуі бойынша осындай мәліметтерді Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде көрсетілетін қызметтерді алушы өзгертеді (толықтырады);
2) уәкілетті лауазымды тұлға кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.
3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;
4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.
Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға қызмет берушінің басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚбК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23.Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуін бақылауды осы Кодекстің 398-бабына сәйкес АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүргізеді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуын тексеруді көрсетілетін қызмет беруші АЖ арқылы тауарларды шығарғаннан кейін есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуына тексеру жүргізу туралы хабарлама қалыптастыру жолымен, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге осындай хабарлама жолдай отырып жүзеге асырады.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.
3-параграф. Егер тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің алуы мүмкін болмаса, мұндай құжаттарды бақылау тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін көрсетілген құжаттарды электрондық түрде (көшірмелерін сканерлеп) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы қызметті алушыға осындай құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарлама жолдайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Электрондық нысанда тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығаруға байланысты уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері
Тауарларды шығару "Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімімен (бұдан әрі - Тауарларды шығару туралы тәртібі) бекітілген тауарларды шығарумен, тауарларды шығарудың мерзімін тоқтата тұрумен, тауарларды шығарудан бас тартумен және тауарлардың шығарылуын жоюмен байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ расталған тауарларды автоматты түрде шығару туралы электрондық құжатты жібереді
Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Бұл ретте, осы тауарлар туралы ақпарат көрсетілген, ЭДТ негізгі және қосымша парағының "С" бағанына уәкілетті лауазымды тұлға: шығарудан бас тарту күні мен уақыты көрсетіле отырып "Өнім нөмірі (ЭТД 32-бағанында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі) - беруден бас тартты" деген ақпаратты енгізеді.
Уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілген ақпаратты "Кедендік декларацияны толтыруда қолданылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 (бұдан әрі – Шешімдер Классификаторы) шешімімен бекітілген шешімдердің жіктеуішіне сәйкес қабылданған шешімнің кодымен қызмет көрсетушінің АЖ-ға енгізеді.
Қалған тауарларды шығару осы Қағидаларға белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімді қызмет берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлға қабылдайды, содан кейін уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыға тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Уәкілетті лауазымды адам тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешім қабылдаған кезде келесі әрекеттер орындалады:
Шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты мұндай тоқтата тұру туралы ақпарат ЭТД-ның 3-нөміріндегі "С" бағанында көрсетіледі. Қалған тауарларды шығару осы Қағидада белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген ақпарат ЭТД-ға шешімнің Классификаторына сәйкес қабылданған шешімнің кодымен бірге енгізіледі.
Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарлардың шығарылуын болдырмау кезінде алушыға электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың шығарылуын жою туралы электрондық құжат жіберіледі.
3-тарау. Кедендік декларацияны тіркеуге не көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінің ақаулығы кезінде мұндай тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялардың тәртібі
1-параграф. Тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялауды қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті
Мұндай құжаттарға мыналар:
тауарлармен мәміле жасасуды растайтын құжаттар, ал мұндай болмаған жағдайда - тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді өзге коммерциялық құжаттар;
көліктік (тасымалдау) құжаттар;
тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
тауардың шығу тегі туралы құжаттар;
кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленгенін растайтын және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар кіреді.
Көрсетілген мерзім бұзылған жағдайда ұсынылған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Әкімшілік кодексте көзделген шараларды қолданады.
2-параграф. Жазбаша нысанда кедендік декларацияны қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу және тауарларды шығарумен байланысты уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті
Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыға қолды қойып, кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен шаралары туралы жазбаша хабарламаны кез келген нысанда береді.
Кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығару тәртібіне сәйкес тауарларды шығару, тоқтата тұру, шығарудан бас тарту немесе шығаруды жою туралы шешім қабылдайды.
3-параграф. Тауарларға арналған декларцияларды бергенге дейін тауарларды шығару немесе оны тіркеуден бас тарту туралы өтінішті тіркеу журналын жүргізу нысаны мен тәртібі
Тіркеу журналындағы сериялық нөмірді нөмірлеу әр күнтізбелік жылдан бастап бірліктен басталады.
4-тарау. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері
1-параграф. Кедендік декларациялау және тауарларды шығару ерекшеліктері
Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жеткізу мерзімі көрсетілетін қызметті алушы мәлімдеген, күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын және жоспарланатын кезең:
1) ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қызмет берушіге ұсынуға;
2) ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға немесе ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкету мақсатында басқа көлік құралына қайта тиеумен (ауыстырып тиеумен) тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде бірінші тасымалдаушыға тауарларды өткізу).
Бұл ретте Кодекстің 187-бабының 11-тармағына сәйкес ЭД бойынша декларацияланатын тауарларды нақты есепке алу мен бақылауды уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы тауарларға мерзімдік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алудың электрондық журналында жүргізеді.
2-параграф. Кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін, сондай-ақ тауарларға арналған декларацияны тіркеген қызмет берушіден өзгеше қызмет берушінің қызмет аймағындағы тауарларға арналған декларация бойынша тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды шығаруға және жасауға жататын тауарларды алдын ала декларациялауды қолдана отырып, тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері мен жағдайлары
1) Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес келу орындарында тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялардың ерекшеліктерін қолдану;
2) меншік иесінің және (немесе) иелігінде тауарлар осындай оқиға болған кезде болған тұлғаның қасақана іс-әрекеттерінен тудырмайтын көлік құралдарымен болған, сондай-ақ нәтижесінде тауарлар АД кезінде ЭТД-ны тіркеген қызмет берушінің қызмет аймағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілуі мүмкін емес еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болған, өзінің салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы оқиғаға әкеп соқтыратын авария кезінде көлік құралдары болған.
Көрсетілетін қызметті алушы АД кезінде ЭТД тіркеген және тауарларды шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отырған көрсетілетін қызметті берушіге ПД кезінде ТЭД-ға мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жолымен мәлімделмеген не нақтыланған мәліметтерді ұсынады не осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігінің жоқтығы туралы хабардар етеді).
Өтінішті алғаннан кейін ЭТД ұсынылған қызмет беруші хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
3-параграф. Тауарларға уақытша арналған декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті
1) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 189-бабында көзделген тауарларды уақытша кедендік декларациялаудың талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;
2) ТУД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті лауазымды тұлға ТУД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы ТУД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.
Құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес кедендік тексерудің (тексерудің) нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды шығару күнімен, уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ТУД нөмірімен тауарларды шығарған күнімен "Уақытша декларация", "Шығаруға рұқсат етіледі" ЭТД-ға ақпарат енгізеді.
ТУД бойынша тауарларды шығарған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы осындай тауарлар шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет аймағында есептеу құралдарын орнату орындары бар көрсетілетін қызметті берушіге ТУД көшірмесін жолдайды;
қызмет аймағында есептеу құралдарын орнату орындары бар қызмет беруші құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты санын бақылауды, сондай-ақ есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді ай сайын алуды қамтамасыз етеді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер жасайды және есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін ТУД шығаруды жүргізген қызмет берушіге мұндай тауарлардың нақты өткізілген көлемі туралы растаманы жібереді;
тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемін растау есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер, сыртқы сауда шарты бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілер, тапсыру-қабылдау актілері, тауарлардың сапа сертификаттары, Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасу технологиясы шеңберінде алынатын ақпарат негізінде, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдарды жүзеге асыру кезінде жазбаша түрде жүзеге асырылады, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 15/6 шешімімен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және жеткізудің бір күнтізбелік айы ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және тұтынылған тауарлар көлемінің атаулы бөлінуін растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
4-параграф. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға кедендік тазартуды жүргізу тәртібі және кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері
ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауар деп осы Кодекстің 41 – бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90 тауар топтарында жіктелетін тауарлар (тауарлар комбинациясын қоса алғанда), жабдықтар, тетіктер, қондырғылар, аппараттар немесе өзге де құрылғылар түсініледі.
Тауардың құрамдас бөлігі деп Кодекстің 41 – бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі-Тауарларды сыныптау туралы шешім) осындай бөлік ретінде көрсетілген жиынтық немесе аяқталған түрдегі тауардың құрамдас бөлігі түсініледі.
Тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Тауарларды сыныптау туралы шешім алынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың құрауыштарын жоспарлы жеткізу туралы хабарлама береді.
Тауар құрауыштарының жоспарланған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы жоспарланған тауар құрауыштарын жеткізу туралы хабарламаларды тіркеу журналында жүзеге асырады.
Кедендік декларациялау үшін алым жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың әрбір компонентіне тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе бір мезгілде, сондай-ақ жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарға соңғы декларацияны берген кезде төленеді.
ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация бойынша тауар шығарылғанға дейін жинақталмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын монтаждауға (құрастыруға) жол беріледі.
5-параграф. Қызмет аймағында тауарлар бар мемлекеттік кірістер органынан ерекшеленетін қызмет берушіде тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
Хабарлама алғаннан кейін ЭТД табыс етілетін қызмет беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
қызмет берушінің басшысының атына;
бюджетке салықтар мен тлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асырытаны уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжат
|
р/с № |
Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі |
Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды* |
Тауарларды шығарудан бас тарту кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты |
Тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою жөніндегі ұсынымдар |
Тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ескертпе:
Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз тауарларды шығару туралы электрондық құжат
|
р/с № |
Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі |
Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды * |
Тауарларды шығарудың кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты |
Сәйкестендіру құралдары қолданылған кедендік транзит мерзімі (ол болған кезде) және, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жеткізу орны (транзиттік декларация үшін) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ескертпе:
Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Тауарларды шығаруды жою туралы электрондық құжат
|
р/с № |
Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі |
Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды * |
Тауарларды шығарудан бас тарту форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты |
Тауарларды шығаруды жоюды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ескертпе:
Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы; |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Тауарларды шығару мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының нормаларымен белгіленген. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық немесе қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
"Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен белгіленген тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар алынады. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі жағдайларын қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ұсынуымен сүйемелденбейді. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады: |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz. |
|
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|||
|
|
Нысан |
|||
20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларацияны тіркеу журналы _________ (кеден бекетінің коды)
|
р/ с№ |
Тауарларға арналған декларацияны беру |
Тауарларға арналған декларацияны тіркеу |
Тауарларға арналған декларацияны ұзарту |
Тауарларды шығару |
Лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы, оның жеке нөмірлі мөрі |
|||||||||
|
Декларанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
Күні |
Уақыты |
Күні |
Уақыты |
Тауарларға арналған декларацияны тіркеу нөмірі/ тауарларға арналған декларацияны тіркеуде бас тарту кезіндегі себептері |
Күні |
Уақыты |
Мәселелері |
Күні |
Уақыты |
Тауарларды шығаруда бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда себептері |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|||||||||||||
|
|
Нысан |
|||||||||||||
20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналы _____________________________________ (кеден бекетінің коды)
|
р/с№ |
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту № |
Өтініш берушінің атауы (ЖСН/БСН)* |
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің күні/уақыты |
Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) |
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) күні/уақыты |
Шығарылымы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш бойынша жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны нөмірі |
Тауарларға арналған декларацияны беру мерзімінің аяқталу күні |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
* Ескертпе:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
20___ жылға арналған Тауарларға арналған мерзімдік декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)
|
№р/с |
Мерзімдік тауарларға арналған декларация |
Декларант |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды |
Тауардың атауы |
Брутто салмағы (килограмм) |
Көлік құралының тіркеу нөмірі/ контейнер нөмірі |
Тауарды табыс ету/тиеп жөнелту күні |
Кету орнының кеден бекетінің коды |
Тауарлардың іс жүзінде шығарылған күні |
Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
||||||||||
|
|
Нысан |
||||||||||
20___ жылға арналған Тауарларға арналған уақытша декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)
|
№р/с |
Декларант |
Уақытша атауарларға арналған декларация |
Тауардың атауы |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды |
Брутто салмағы |
Нетто салмағы |
Статистикалық құн |
Кедендік құн |
Жөнелтуші/ межелі ел |
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу күні (кедендік сараптаманы тағайындау туралы шеші |
Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|||||||||||
|
|
Нысан |
|||||||||||
20___ жылғы "____" ____________ есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы акті
Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20___жылғы __________ үшін құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілген тауарларды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу туралы осы актіні жасадық.
|
р/с № |
Есепке алу торабының (аспабының) атауы |
Есепке алу аспабының айдың басындағы көрсеткіші |
Есепке алу аспабының есепті кезең соңындағы көрсеткіші |
Өткізілген тауар көлемі (тонна, мың текше метр, киловатт сағат) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Есепке алу торабының (аспабының) өкілі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)
Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарлама
Хабарлама № _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(декларанттың атауы, заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
(құжаттар туралы жалпы мәліметтер)
Жиналмаған түрінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау туралы шешімнің
№ ____________________________________________________________________
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау
коды ____________________________________________________________________
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас элементтерінің атауы және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау
коды __________________________________________________________________
Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны
____________________________________________________________________
Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы
______________________________
(мемлекеттік кірістер органының (кеден бекетінің) атауы)
Тауарды әкелу мерзімі _____________________________________________
Өзге мәліметтер __________________________________________________
___________тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________ (қолы)
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу журналы
|
р/с № |
Хабарламаның тіркеу нөмірі |
Тауарды сыныптау туралы шешімнің № |
Тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолдану мерзімі (ККААЖЖ) |
Декларанттың атауы |
Шарттың (келісішарттың/ерекшеліктері) деректемелері |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды |
Келісішарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құны |
жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі |
Өзге де мәліме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Ескертпе:
Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:
ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:
1 2 3
1) ХХХХХ – кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;
2) ККААЖЖ – хабарламаның берілген күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы 2 цифры);
3) 0000 – хабарламаның реттік нөмірі.
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары |
|
|
Нысан |
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарын есепке алу журналы
|
р/с № |
Декларант |
Шарттың, ерекшеліктің № және күні |
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі) |
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі) |
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған тауарларға арналған декларация № |
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған соңғы тауарларға арналған декларация № |
кедендік тазартуды жүргізген уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ескертпе:
журналда жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК