«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Заң бөліміне жиі қойылатын сұрақтар

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қандай әкімшілік актілерді қабылдайды?

_____Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) нормаларына сәйкес, әкімшілік орган, жария-құқықтық қатынастардағы лауазымды тұлға қабылдайтын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілі бір тұлғаның немесе белгіленетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім әкімшілік акт болып табылады. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қабылдайтын әкімшілік актілерге тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізу туралы шешім және тауарларды шығарудан бас тарту жатады.

2. Қандай жағдайларда тыңдау рәсімі жүргізілмейді?

_____ҚР ӘРПК-де көзделген мынадай жағдайларда тыңдау жүргізілмеуі:

  • Үшінші тұлғалардың мүдделеріне тимейтін қолайлы әкімшілік акт қабылданғанда;
  • Азаматтардың, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін актіні дереу қабылдау талап етілгенде;
  • Өтініш беруші тыңдауды өткізу туралы өтінішхат бермегенде.

3. Декларант сотқа жүгінбес бұрын кеден органының шешіміне жоғары тұрған органда шағымдануға міндетті ме?

_____«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабына сәйкес, кеден органдарының және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау (даулау) қарастырылған. Тұлға кеден органдарының және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (даулауға) құқылы. Тиісінше, Қазақстан Республикасының мұндай белгіленген заңнамасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі болып табылады. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес, шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға беріледі. Осыған сүйене отырып, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана жол беріледі.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Заң бөліміне жиі қойылатын сұрақтар
Дата публикации
08 октября 2026