«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасына жиі қойылатын сұрақтар

1.__Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік құнды бақылауды жүргізу кезінде кеден органы нені тексереді? 

_____«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 396-бабының 1-тармағына және ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 Шешіміне сәйкес, тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құнды анықтау мен мәлімдеудің дұрыстығын, оның ішінде кедендік құнды анықтау әдісін таңдау мен қолданудың дұрыстығын, кедендік құнның құрылымы меншамасын, сондай-ақ мәлімделген мәліметтердің құжаттамалық расталуын тексереді. 

2.__Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік құнды растау үшін қандай құжаттарды сұрата алады?

_____«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 411-бабының 1-тармағына және 426-бабына, ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 Шешіміне сәйкес, шығарылғаннан кейінгі тексеру жүргізу кезінде кеден органы декларацияда мәлімделген мәліметтерді тексеру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға құқылы. Мән-жайларға байланысты бұл сыртқы сауда мәмілесі бойынша құжаттар, инвойстар, төлем құжаттары, көлік құжаттары, бухгалтерлік және мәлімделген құнды растайтын өзге де құжаттар болуы мүмкін.

3.__Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрі – СЭҚ) алдын ала шешімге қарсылықтарды қандай мерзімде ұсына алады? 

_____ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес СЭҚ қатысушысы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қарсылықтарды беруге немесе білдіруге құқылы.

4.__СЭҚ қатысушысы тыңдау хаттамасына ескертулерді қандай мерзімде ұсына алады?

_____ҚР ӘРПК ст. 73 және 74-баптарына сәйкес СЭҚ қатысушысы тыңдау хаттамасымен танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына ескертулер ұсынуға құқылы. 

5.__Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде ұсынылған құжаттар мәлімделген кедендік құн туралы мәліметтерді растамаса, не болады?

_____Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 399-бабы, 411-бабы, сондай-ақ ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешіміне сәйкес, егер тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау жүргізу барысында сұратылған құжаттар ұсынылмаса немесе ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамаса, кеден органы кеден заңнамасына сәйкес төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтарды есептейді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасына жиі қойылатын сұрақтар
Дата публикации
08 октября 2026