_____«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасымен 2026 жылдың 8 айы ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 410-бабында көзделген кедендік бақылау шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесімен кедендік бақылау тағайындалған 151 325 кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталды.
_____Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кедендік құн құрылымының бұзылуына, кедендік құнды айқындау әдістерінің дұрыс таңдалмауына, сондай-ақ мәлімделген кедендік құнның құжаттамалық расталмауына байланысты 120 236 кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
_____Қосымша бюджетке 88 065 993 709 теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар өндіріп алынды.
2026 жылдың 8 айы бойынша статистикалық ақпарат:
|
№ |
Кедендік бақылау нысаны |
Аяқталған кедендік бақылау нысандарының саны |
Кеден заңнамасы нормаларының бұзушылықтары анықталған кедендік бақылау нысандарының саны |
Бюджетке қосымша өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы, теңге |
|
1 |
Кедендік құжат-тар мен басқа да мәліметтерді тексеру |
151 325 |
120 236 |
88 065 993 709 |