
Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының негізгі қызметі елдің экономикалық мүдделерін ескере отырып, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы ашықтықты, қолжетімділікті, тиімділікті қамтамасыз ету, импорттық-экспорттық операциялардың балансы болып табылады. Тәуекелдерді басқару жүйесін нормативтік – құқықтық реттеуді қамтамасыз ету, тауар шығарылғаннан және кедендік құнын кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу.
ЕАЭО КК 325 бабының 14-тармағына сәйкес, кеден органы кедендік , өзге де құжаттарды және мәліметтерді ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, ал егер айтылған құжаттар және(немесе) мәліметттер 14 тармақтың 1 тармақшаларында белгіленген мерзімде ұсынылмаса, осы мерзім өткен күннен бастап аяқтайды.
ЕАЭО КК 325 бабына сәйкес, егер кедендік декларацияны тапсыру кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен қатар жүрмеген кеден органы тексерілетін мәліметтерге қатысты деклоранттан олар туралы мәліметтер кедендік декларацияда көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы. ЕАЭО КК 325 бабының 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды декларант мерзім аяқталғанға дейін 4 сағаттан кешіктірмей ұсынуға тиіс.
ЕАЭО КК 326 бабына сәйкес кеден декларациясына қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және мәліметтерге, кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кеден декларациясында мәлімделген және кеден органдарына ұсынылған тауарлар шығарылғаннан кейін басталған құжаттарда қамтылған мәліметтерге тексеру жүргізу кезінде не кедендік бақылаудың осы нысаны қолданылған өзге де жағдайларда кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және(немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.