
"Электрондық декларациялау орталығы" басқармасын (бұдан әрі – ЭДО) құру негізі ретінде дамыған елдердің кедендік бақылауды орталықтандыру бойынша табысты халықаралық тәжірибесі қабылданды.
Қазақстан Республикасында ЭДО құрудың басты артықшылығы тауарлардың кедендік құнын айқындау қағидаларын сақтау бөлігінде тауарлар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бойынша кедендік бақылаудың бір жерінде шоғырлану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жоғары тәуекел мәртебесі бар кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алудың толықтығын және бюджетке уақтылы аударуды қамтамасыз ету болып табылады.
ЭДО құрылуымен лауазымды тұлғаларының СЭҚ қатысушыларымен және кеден бекеттерімен тікелей байланысы толығымен алынып тасталды.
Өзара іс-қимыл тек Астана-1 АЖ арқылы жүзеге асырылады, бұл ЭҚЖ лауазымды адамдарының іс-қимылдарының заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.